ЕЛІМІЗДЕ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ"АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасының Білім министрлігі "Мектепке жол"дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді.
"Мектепке жол" республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2026 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2026 жылғы 30 қыркүйектен басталады деп жоспарлануда.
Ауданымыздың әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға зейін мен шынайы қамқорлық көрсете алады.