Текст
Сәрсенбі күні, яғни 16 сәуір күні ата-аналар жиналысы өтті, онда 9,11 сыныптардағы қорытынды аттестаттау, 10 сыныптағы көшіру емтихандары сұрақтары қарастырылды. Ата-аналар емтихан мерзімдері, кеңес беру кестесі туралы ақпарат алды. Сондай-ақ психологтан өз-өзіне қол жұмсау туралы ойдың алдын алу, қиын жағдайларда балаларды қолдау туралы кеңес алды.
Ата-аналарды жазғы демалыс іс-шараларымен таныстырды.
Ата-аналардың мұғалімдермен оқушылардың үлгерімі мәселелерін шешу туралы ашық диалогы өтті.