Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР

10.08.2022
  1. Желілік Абай мектептері арасында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастыру (офлайн/онлайн);

Ұсынылатын тақырыптар:

  • «Абай және ұлттық код»;

- «Абай – замана шамшырағы»;

- «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек...»;

  • «Абайды білмек парыз ойлы жасқа...»
  1. Абай Құнанбайұлы өмірі, шығармашылығы, ұрпақтары жайында танымдық бейнежазба жариялау, тарату (онлайн);

Ұсынылатын тақырыптар:

  • «Бала Абай», «Шәкірт Абай», «Бала Абайдан дана Абайға дейін»;
  • «Абай жолы – халық жолы»;
  • «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге»;
  • «Абайдың ақын шәкірттері»;
  • «Абай және табиғат» т.б.
  1. Әр мектептің әлеуметтік парақшаларында, сайттарында пост, подкаст жариялау (онлайн);
  2. Оқушылар, мектеп ұстаздары арасында әлеуметтік желілерде Абай шығармашылығын жатқа оқу бойынша «Абайды оқы, таңырқа!» атты челлендж ұйымдастыру (онлайн);
  3. Шығармашыл оқушылар арасында «Абай ізімен» атты жас ақындар байқауы (офлайн/онлайн);
  4. «Абай және ұлттық тіл» тақырыбындағы үздік эссе, үздік шығармалар конкурсы (офлайн/онлайн);
  5. «Адамзат тудырған алып тұлға» атты танымдық дәріс (офлайн/онлайн);
  6.  Мектеп оқушылары арасында Абай күйлері мен әндерін насихаттау мақсатында іс-шаралар (офлайн, онлайн);
  7.  «Абай және рухани кемелділік» тақырыбында белгілі абайтанушылармен онлайн сұхбат (онлайн);
  8. Абай мұрасын сыни талдауға арналған эстафеталар (офлайн/онлайн);
  9.  М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау жұмыстары (офлайн/онлайн);
  10.  Абайтанушылардың қатысуымен конференциялар (офлайн/онлайн);
  11.  Абай өлеңдерінің мазмұны бойынша жас суретшілер байқауларын ұйымдастыру (офлайн/онлайн);
  12.  Өткізілген іс-шаралар және оның қорытындысы БАҚ, мектеп-интернат сайтында, әлеуметтік желілерде жариялау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 620


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст