«Урюпин орта мектебі» ММ
2019- 2020 оқу жылының 3-13 ақпан аралығында өткізілген
«Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің қорытынды есебі
Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында 2020 жылы 3 ақпанда Урюпин орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры Д.М Айтмагамбетов сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. Мектеп оқушылары шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды.
Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.
4 ақпанда « Балаға жүрек жылуы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, С.А Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттар өткізілді.
5 ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбымен балалардың шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылып,өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды.Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды;
6 ақпан жұлдызында Руханилықтың мөлдір бұлағы атты тақырыпта ана мейірім, достық, бейбітшілік туралы оқушылардың шығармашылық жұмыстары: суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар;
7 ақпан. «Мейірімділік- асыл қасиет!» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді;
10 ақпан. «Ән көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестиваль ұйымдастырылды. Театрланған көріністер ұйымдастырылды;
11 ақпан. «Қайырымдылық- жер бетінде!» атты флэммоб өткізілді;
Алтын жүрек анамыз атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды;
12 ақпан. Бәрі сүйіспеншіліктен басталады атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
13 ақпан. «Махаббат- өмір негізі!» тақырыбында жалпы республикалық ашық сабақтар өткізілді.
14 ақпан. Салтанатты жиын өткізіліп, әр сайысқа, конкурсқа, көрмеге қатысқан оқушылар жүлделі дипломдармен, орындар алып мақтап қағаздарымен марапатталды.
Жауаптылар: өзін- өзі тану пәні мұғалімдері Абдрахманова Шынар Куандыковна, Айтмагамбетова Светлана Мухметовна.