Текст
27.05.2024
Бүгін мектебімізде аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңі басталды. Биылғы жылы 5-8, 10-сынып оқушыларының бағдарламалар мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау және оқу мен жазу сауаттылығының деңгейін анықтау мақсатында қазақ тілінен емтихан өткізілуде. Ол екі бөлімнен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазып, оқу, сөйлеу және түсіну дағдыларын көрсетеді.